Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-1 182456 246519

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1.Жамбыл облысы әкімдігінің  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы  D-О-1 санаты,  (№030), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық және оны ұйымдастыру. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, қарамағындағылардың жұмысын болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының тиісті Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе қызмет көрсету немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы: еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе әлеуметтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаны басқару немесе құқықтану немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе әлеуметтік жұмыс немесе педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

2.Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының басшысы  D-О-1 санаты,  (№020), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқарманың заң және өзге нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру. Басқарманың алқалық органдарының жұмысын ұйымдастыру. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын талдау және басқарма мамандарының кәсіби деңгейін және  жұмыс істеу тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қабылдау. Облыс әкіміне белгіленген тәртіпте басқарманың қарамағындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды және білім мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу. Білім ұйымдары мен азаматтардың білім беру мәселелері бойынша өтініш-арыздарын және хаттарын қарау. Басқарма қызметкерлерінің атқару және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметін қамтамасыз етудің шұғыл және ағымдағы мәселелері бойынша бұйрықтар шығару. Басқарманы мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіру. Құзыры шегінде білім беру саласындағы заңдылықтың және мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының сақталуын бақылау және облыстық бюджетті қалыптастыру, басқарма қарамағындағы білім ұйымдарын қаржыландыру жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе білім саласындағы. Мамандығы: мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе білім (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Білім туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

  «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
  Нысан
   __________________________
  (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________________

e-maіl: ______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

_________ ___________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ;.