Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-3 126357 170599
D-O-4 108306 146177

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: (obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы,  1 бірлік, санаты D-О-3, № 5-1.

Функционалдық міндеттері: жұмыспен қамтуға ықпал ететін  бағдарламалардың  бөлімнің жұмысына  қатысты  тараулары бойынша жұмыстарды үйлестіру,  ақпараттарды талдау, жалпылау және материалдар дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсатты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.  Жұмыспен қамту органдарының жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы,  ақылы қоғамдық жұмыстарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту  бойынша  жұмыстарын үйлестіру. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру. Халықты жұмыспен қамту заңнамасы мәселелері бойынша халық пен жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу. Азаматтар мен  ұйымдардың өтініштерін қарау,  консультативтік  жұмыс жүргізу. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша  жұмыстарды үйлестіру және қадағалау. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандарттары  бойынша жұмыстарды  үйлестіру, регламенттерді  дайындау. Бөлімнің құзырындағы мәселелер бойынша  жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды  іске асыру  туралы  жергілікті жұмыспен қамту органдарының  есеп беруінің уақытылы және дәйекті болуын бақылауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын , функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. 2. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау-талдау бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, №05-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету. Жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 3 жылға арналған бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жамбыл облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, аумақты дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу. Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын әзірлеу. Жамбыл облысын дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасауды үйлестіру. Тоқсан қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама, кестелер, слайдтар әзірлеу. Жер қойнауының келісім-шарттары бойынша қорытындыларды қарау және дайындау, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларының мониторингін жүргізу. Банктік қызмет бойынша ақпаратты жинау, өңірлердің аумақты дамыту бағдарламасын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру, ағымдағы барлық бөлімдерге ортақ тапсырмаларды орындау бойынша Басқарманың бөлімдерінің қызметін үйлестіру. Жоғарғы атқарушы органдарға, облыс әкімінің аппаратына ақпараттар, анықтамалар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-O-4 санаты, №08-2.

            Функционалдық міндеттері: бюджетке қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қабылданған іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет кірістерінің түсімдерінің жинақтау жоспарын әзірлеуге қатысу. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу. Тиісті үш қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуге қатысу. Облыстық бюджеттің көрсеткіштерін түзетуге облыс әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеуге қатысу. Облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері және табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің бөлу нормативтері туралы облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат дайындаумен айналысу. Облыс және аймақтар бюджеті бойынша ақпараттар мен анықтамалар дайындау. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма басшылығының құжаттары мен тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалуына бағытталған жедел шараларды қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау және мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің бос орнына, 01.10.2020ж. дейін), 1 бірлік, санаты D-О-3, №3-1.

            Функционалдық міндеттері: «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы мен  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, бақылау жасайды. Облыста тілдерді дамыту мақсатында өткізілетін іс-шараларға жауапты.  Мемлекеттік және  әртүрлі меншік нысанындағы мекемелердегі ісқағаздарының мемлекеттік тілде ресімделуіне талдау жасап, талапқа сай орындалуын бақылайды. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолайлы жағдайлар жасау қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік және өзге сала өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне бағалауды ұйымдастырады, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізуді және оның пайдалану аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру шараларын жүргізеді және қадағалайды. Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да сала өкілдерінің мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін, этникалық топтардың ана тілін оқу курстарын ұйымдастырады. Тоқсан сайын мемлекеттік тілдің оқытылуына мониторинг жүргізеді.  Облыстағы  мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдардағы тілдік ахуалдың жағдайына сараптама жүргізеді. Облыстық басқармалар мен аудандық, Тараз қаласы әкімдіктерімен тілді дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, олардың іс-әрекеттерін үйлестіреді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен және Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік республикалық орталығымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚАЗТЕСТ» ұлттық тестілеу орталығымен және Жамбыл облысындағы тілдерді оқыту орталығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыстар атқарады.  Басқарма сайтына бөлімнің өткізген іс-шаралары туралы ақпараттардың уақтылы орналастырылуын қадағалайды.  Басқарма басшысының бұйрығымен уақытша басқа да міндеттерді атқарады.   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе білім саласындағы. Мамандығы: философия немесе халықаралық қатынастар немесе филология немесе аударма ісі немесе шетел филологиясы немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің  «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», аталмыш санаттағы мемлекеттік лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттеуші Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа актілерін білуі.

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.