Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Әжібаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында кездесу өтті.

Аталған шарада А.Әжібаев басқарманың және оған қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. Қатысушылар өз кезегінде қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.