Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі, №1 үй, 4-қабат, 40-бөлме) 2019 жылдың 11 қазанында 16.00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысында «METKA – EGN KZ» ЖШС-нің, «Sinohydro Corporation limited» жауапкершілігі шектеулі акционерлік қоғамының Қазақстандық филиалы, «Строй сity Group» ЖШС-нің, «Asia Gaz Pipe» ЖШС-нің, «Синьсин құрылыс және дамыту Қытай Компаниясы» ЖШС-нің Қазақстан Республикасындағы Филиалының және «KazInterSteel Company» ЖШС-нің құжаттары қаралатын болады.