Құрметті Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарының тұрғындары!

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Орынбековпен бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдемелері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу және артық төлемді қайтару бойынша жұмыстарға зерделеу жүргізу үшін басқарма басшысының орынбасары Арубаев Сәкен Қаланұлы, әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Дилдабекова Марал Аманжолқызы 2019 жылғы  4 – 8 қараша аралығында Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарына іссапарға шығады.

Егер Сіз Арубаев Сәкен Қаланұлы және Дилдабекова Марал Аманжолқызы тарапынан әдепсіздік таныту деректеріне, яғни өзінің іссапар шығыстарын төлету, дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастырту және оған қатысуына тап болған  жағдайда, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Zhambyl Adaldyq Alany» жобалық офисіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы хабарлауды немесе жазбаша арызбен жүгінуді сұраймыз.

(Мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі парақшаларының сілтемелерін көрсету қажет)

https://www.facebook.com/JambylAdaldyqAlany/

https://www.instagram.com/adaldyq_alany_zhambyl/

https://www.facebook.com/ADGSPKJAMBYL/

https://www.instagram.com/adgspk_jambyl/?hl=ru

Осы мәселе бойынша толық ақпарат алу үшін 8 7262 45-37-67 (Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), әдеп жөніндегі уәкілге, 8 7262 45-20-16, 877754341808 телефондары арқылы хабарласуға болады.