Пилоттық жобаның жұмысы қорытындыланды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында 2019 жылы іске асырылған облыстағы өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша пилоттық жобаның жұмысы қорытындыланды.

Пилоттық жоба аясында Тараз қаласында 12 қиын жағдайда жүрген отбасылар анықталып, оларға кешенді түрде арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылды.

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында осы жұмысты жүргізген сала мамандарымен кездесу өткізілді. Басқосуда жоба бойынша атқарылған жұмыстың дұрыс және бұрыс тұстары талқыланып, алдағы уақытта жүргізілетін істің деңгейін арттыру үшін пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Е.Бықыбаев бұл игі іске атсалысқан бірқатар сала мамандарына басқарма тарапынан алғысхат табыс етті.

Бұл игі шара биылғы жылы да жалғасын табатын болады.