Пилоттық жоба аясында ведомствоаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті

Бүгін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ағымдағы жылдан бастап Жамбыл облысында өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша іске асырылып отырған пилоттық жоба аясында ведомствоаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Ведомствоаралық комиссиясы жұмыспен қамту, білім беру, құқықты қорғау органдары, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау сала өкілдерінен құрылған.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайдың төрағалығымен өткен отырыста пилоттық жоба бойынша анықталған өмірлік қиын жағдайда жүрген 12 отбасының ішінен 4 отбасының жеке жоспарлары жан-жақты қаралды.

Жыл соңына дейін аталған отбасыларға кешенді түрде арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылатын болады.