Облыста өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда  

Биылғы жылдан бастап Жамбыл облысында өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің ықпалдастырылған үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Бұл пилоттық жобаның мақсаты: облыстағы өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) проблемалық мәселелерін жан-жақты қарастырып, қандай көмекке мұқтаж екенін анықтап, оларға кешенді түрде көмек көрсету.

Пилоттық жобаны іске асыру аясында жұмыспен қамту, білім беру, құқықты қорғау органдары, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау сала өкілдерінен ведомствоаралық комиссиясы құрылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында арнаулы әлеуметтік қызмет және көмек көрсетудегі ықпалдастырылған моделін енгізу мәселесі бойынша осы сала мамандарына оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Бүгін облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңесте Тараз қаласының өмірлік қиын жағдайда жүрген 12 отбасының жағдайы талқыланып, оларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері қажет екенін анықтау бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс бекітілген жол картасына сәйкес жалғасатын болады.