Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат (1.07.2019 ж.)

«Еңбек» бағдарламасы  аясында 2019 жылға барлығы 11,1 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді.

2019 жылдың 1-шілдесіне  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16913 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 6297 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2416 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1333  адам, жастар практикасына 1624 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3806  жұмыссыз тартылды, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 193 адам шағын несие, (оның ішінде 23 адам қалаларда өткен жыл қаржысынан шағын несие алды), 36 адам грант алды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1655,5 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға  1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 770 адам оқуға жолданады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 546,8 млн.теңге қаралды.  Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО) өтеді. 1-ші  шілдеге   қысқа мерзімді оқытуға 2416  адам жолданды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 3484 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1301 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 1200 адам, грантқа – 983 адам) 6968,7 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 6147,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, грантқа – 485,5 млн.теңге).

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1208 адам оқуға жолданып, 853 адам оқуын аяқтап,  оның ішінде 57-і шағын несие алды.

Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 6147,6 млн.теңгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1211 адамға 5111,0 млн.теңге, қалада – 90 адамға 1036,6 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ауылда  168 адам 1149,2 млн.теңгенің шағын несиесін алды.

Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, қалада 90 адамға несие беруге барлығы 1036,6 млн. теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды. Қала бойынша 25 адам шағын несие алды (ағымдағы жылдың қаржысы есебінен 2 адам 19,0 млн. теңге, 23 адам өткен жылдың қаржы есебінен 449,7 млн. теңге). Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды.

Осы бағыт аясында 983 адам 485,5 млн.теңгенің грантын алады (соның ішінде 200 АЕК мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 млн.теңге және көпбалалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 млн.теңге, 100 АЕК мөлшерінде 43 грантқа 10,9 млн. теңге). Бүгінгі күні грант алушылар тізімдері дайындалып, 2 адам 505,0 мың теңге грантын алды. Ал 200 АЕК грант есебінен барлығы 17,2 млн. теңгені 34 адам алды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 6647 адамды қамтуға  2520,0 млн. теңге бөлінді.

Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 236,9  млн. теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1333 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 146 адамның 75-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1489 орынға 675,5 млн. теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 1624  түлек жолданып,  жұмысын аяқтаған 690 адамның 367-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1607,6 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 3806 адам жолданды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

2019 жылдың 1 шілдесіне солтүстік өңірлерге 97 отбасы, 294 адам қоныс аударды, оның ішінде: 

  1. Павлодар облысы- 12 отбасы, 29 адам
  2. ШҚО- 26 отбасы, 64 адам
  3. СҚО- 28 отбасы, 85 адам
  4. Қостанай – 31 отбасы, 116 адам.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейі  2019 жылдың 1-тоқсанында 4,9 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрады.