Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Бағдарламасын іске асыру барысы туралы (1.11.2019ж.)

«Еңбек» бағдарламасы  аясында 2019 жылға барлығы 13,3 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 9,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,0 млрд.теңге бөлінді.

2019 жылдың 1-қарашасына  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 36224 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 17842 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 3322 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1523 адам, жастар практикасына 2409 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5035 жұмыссыз тартылды, 1801 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 875 адам оқуға жолданды, 1333 адам шағын несие  (оның ішінде 50 адам қалаларда өткен жыл қаржысынан шағын несие алды), 1314 адам грант алды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 1610,5 млн.теңге бөлінді.

Соның ішінде 770 адамды  кәсіптік даярлауға  1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен   770 адам оқуға жолданды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 501,8  млн.теңге қаралды.  Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа  мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша  орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 38 мамандық бойынша 37 білім ұйымдарында (11 колледж, 24 оқыту орталықтарында және 2 ЖОО)  өтеді. 1-ші  қарашасына  қысқа мерзімдік оқытуға 3322  адам жолданды.   Оқуды  бітірген 2543 адамның 1720-ы (67,6%) жұмысқа орналасты.  Жыл соңына дейін  оқуын аяқтағандардың кемінде 60%-ын жұмысқа орналастыру межеленген.

Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 8288 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1905 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 3600 адам, грантқа – 1783 адам, «жас кәсіпкер» бойынша -1000 адам) 9180,4 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 8147,6 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 108,3 млн.теңге, субсидиялауға – 35,0 млн.теңге, грантқа – 889,5 млн.теңге).

Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 3600 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, жыл басынан 1801 адам оқуға жолданып, 1612 адам оқуын аяқтап,  оның ішінде 157-і шағын несие алса, 80 адам қайтарымсыз  грант алды.   Бұдан бөлек «жас кәсіпкер» жобасы бойынша 875 адам оқуға жолданып оқуды аяқтады, 385-і қайтарымсыз грант алды.

Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 8147,6 млн.тенгенің шағын несиесі 1905 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1785 адамға 6661,0 млн.теңге, қалада – 120 адамға 1486,6 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 қазанына  ауылда  1254 адам 4922,0 млн.теңгенің шағын несиесін алды. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 20,0 млн.теңге қаралып, барлығы игерілді,  микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 35,0 млн.теңге қаралып, толығымен игерілді.

Сонымен қатар, қалада 120 адамға несие беруге барлығы 1486,6 млн.теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қала бойынша 79 адам шағын 1162,0 млн. теңге несие алды (ағымдағы жылдың қаржысы есебінен 29 адам 505,0 млн.теңге, 50 адам өткен жылдың қаржысы есебінен 657,0 млн. теңге)

Қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралып, 55,4 млн тг игерілді.

Осы бағыт аясында 1783 адам 889,5 млн.теңгенің грантын алады (соның ішінде 200 АЕК мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 млн.теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 млн.теңге, ұлттық фондтан 800 адамға 404,0 млн теңге,  100 АЕК мөлшерінде 43 грантқа 10,9 млн.теңге). Барлығы есепті мерзімде 1314 адам 679,4 млн. теңге қайтарымсыз грант алды (соның ішінде 100 АЕК грантын 10,9 млн.теңгеге 43 адам; 200 АЕК грантын 668,5 млн.теңгеге 1271 адам алды).

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 7206 адамды қамтуға 2545,2  млн. теңге бөлінді.

Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1202 орынға 223,8  млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1523 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 485 адамның 407-і (84,0%) тұрақты жұмыспен қамтылды.  Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1844 орынға 677,5 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 2409 түлек жолданып,  жұмысын аяқтаған 1480 адамның 1100-і (74,4%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1643,9 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 5035адам жолданды.

Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,  яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.

Бағдарламаның  бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 

2019 жылдың 1 қарашасына   жұмыс күші тапшы өңірлерге 175 отбасы,  497  адам қоныс аударды, оның ішінде:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы- 61 отбасы, 178 адам,
  2. Павлодар облысы- 23 отбасы, 58 адам,
  3. Шығыс Қазақстан облысы- 48 отбасы, 120 адам,
  4. Қостанай облысы- 43 отбасы, 141 адам.

Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Қоныс аударушылар арасынан 254  адам жұмысқа қабілетті жастағылар болып табылса, олардың 151 тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып отыр, 114 адам -15-29 жасындағы жастар болып табылады.  Ал, мектеп жасындағы және мектеп жасына  дейінгі  207  бала балабақша және мектеп орындарымен қамтылған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып,  жұмыссыздық деңгейі  2019 жылдың 2-тоқсанында 4,8 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрады.