Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез- құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық- адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс- қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Осы нұсқаулықта мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынылған. Мұнда лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормалары, олардың әріптестерімен өзара қарым-қатынасы мен қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттары қарастырылған мысалдар келтірілген. Осы нұсқауды қолдану халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретін болады.
Біз мемлекеттік қызметшілерді осы нұсқаулықпен мұқият танысуға және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға шақырамыз.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары