«Мемлекет басшысының 2020 жылғы әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

Бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Мемлекет басшысының 2020 жылғы әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Брифингке спикер ретінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Нұрымбетов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сарытай қатысты.

Спикерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толыққанды жауаптарын берді.