Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  2  мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар:

  1. 1. «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту».
  2. «Оралман мәртебесін беру».

 

Ағымды жылдың 1 шілдесіне Басқарма тарапынан барлығы 470 мемлекеттік қызмет көрсетілді («Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында  еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»- 50,   «Оралман мәртебесін беру»- 420).

  1. «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электронды түрде көрсетіледі. 2019 жылдың 6 айында аталған көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша  электронды түрде  50 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында кемшіліктер орын алмаған (мерзімдерді бұзып көрсету, артық құжат қабылдау фактілері және т.б.).

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2019 жылға барлығы 774 шетел мамандарына квота белгіленген,                    (1 санат бойынша – 29 адамға, 2 санат бойынша – 122 адамға,   3 санат бойынша – 453 адамға, 4 санат бойынша – 70 адамға, маусымдық жұмысшылар – 100 адам), (1 санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, 2 санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 3 санат – мамандар, 4 санат – білікті жұмысшылар).

2019 жылдың 1 шілдесіне  Жамбыл облысы бойынша 28 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 249 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытай, Өзбекстан, Грекия, Франция, Үндістан, Иран, Украина,  Италия, Македония, Мысыр, Мальта, Израиль, Пәкістан, Түркия азаматтары), оның ішінде 1-санат бойынша – 7 адам,  2-санат бойынша – 44 адам, 3-санат бойынша – 195 адам, 4-санат бойынша – 1 адам, маусымдық жұмысқа – 2 адам. 

Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 4499 адамды құрайды. Жыл басынан шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде қазақстандық азаматтарға 38 жаңа жұмыс орындары ашылды. 

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.

Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 71,5  млн.теңге салық төленді.

 

  1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. 2019 жылдың 1 шілдесіне  420  мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында кемшіліктер орын алмаған (мерзімдерді бұзып көрсету, артық құжат қабылдау фактілері және т.б.).

Анықтама үшін:

252 отбасыдан тұратын  420  адамға оралман мәртебесі берілді.

                Келген Республика бойынша келесідей:

  • Қытай Халық Республикасы- 11 отбасы/17  адам
  • Түркменстан Республикасы- 9  отбасы/25  адам
  • Өзбекстан Республикасы- 208 отбасы/347 адам
  • Тәжікстан- 1 отбасы/1 адам
  • Қырғызстан- 21 отбасы/25 адам
  • Ауғанстан- 2 отбасы/5 адам.

 

Аудан бөлігінде келесідей:

  • Тараз қаласы- 73 отбасы/129 адам
  • Байзақ ауданы- 43  отбасы/54 адам
  • Жамбыл ауданы- 12 отбасы/22  адам
  • Жуалы ауданы- 5  отбасы/6 адам
  • Қордай ауданы- 62 отбасы/118 адам
  • Рысқұлов ауданы- 9 отбасы/12 адам
  • Меркі ауданы- 18 отбасы/23 адам
  • Сарысу ауданы- 1 отбасы/1 адам
  • Талас ауданы- 19  отбасы/34 адам
  • Шу ауданы- 10 отбасы/21 адам.