Еңбек миграциясы бөлімінің 2016-2018 жылдар және 2019 жылдың 9 айы бойынша есебі

2019 жыл 9 ай

Барлығы 726 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»- 84.
2019 жылдың 1 қазанына 402 отбасыдан тұратын 642 адамға оралман мәртебесі берілді.
Келген Республикалары бойынша келесідей:
– Өзбекстан Республикасы – 330 отбасы / 537 адам,
– Қырғызстан – 40 отбасы/ 47 адам,
– Түркменстан Республикасы – 14 отбасы / 30 адам,
– Қытай Халық Республикасы – 11 отбасы / 17 адам,
– Ауғанстан – 2 отбасы/ 5 адам,
– Тәжікстан – 3 отбасы / 3 адам,
– Түркия – 1 отбасы/ 2 адам,
– Германия – 1 отбасы/ 1 адам.
Тараз қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес, жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жұмыспен қамту органдарына 23 оралман өтініш білдіріп, барлығы тіркеуге алынып, 12 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты, 10-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту курстарына жолданды.

2018 жыл

Барлығы 908 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1. «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»- 82.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2018 жылға барлығы 719 шетел мамандарына квота белгіленген, (1 санат бойынша – 35 адамға, 2 санат бойынша – 104 адамға, 3 санат бойынша – 430 адамға, 4 санат бойынша – 80 адамға, маусымдық жұмысшылар – 70 адам), (1 санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, 2 санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 3 санат – мамандар, 4 санат – білікті жұмысшылар,).
2019 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысы бойынша 30 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 264 шетел азаматы жұмыс атқаруда (Оның ішінде Қытай, Өзбекстан, Грекия, Франция, Индия, Украина, Иран, Италия, Македония, Египет, Мальта, Израиль азаматтары бар), оның ішінде 1-санат бойынша – 10 адам, 2-санат бойынша – 59 адам, 3-санат бойынша – 190 адам, 4-санат бойынша – 4 адам, маусымдық жұмысқа – 1 адам.
Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 5164 адамды құрайды. Жыл басынан комиссия тарапынан белгіленген ерекше шарттар бойынша шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде 305 жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылды.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 174,2 млн. теңге салық төленді.

2. 2018 жылы 479 отбасыдан тұратын 826 адамға оралман мәртебесі берілді.
Келген Республика бойынша келесідей:
– Қытай Халық Республикасы – 34 отбасы / 53 адам,
– Түркменстан Республикасы – 5 отбасы / 10 адам,
– Өзбекстан Республикасы – 421 отбасы / 710 адам,
– Тәжікстан – 9 отбасы / 15 адам,
– Қырғызстан- 2 отбасы/ 2 адам,
– Ауғанстан – 8 отбасы/ 36 адам.

Тараз қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдарына 16 оралман өтініш білдіріп, барлығы тіркеуге алынды. Олардың 15- ақылы қоғамдық жұмыстарына жіберілді, 1 адам кәсіптік оқу курстарына жолданды.

2017 жыл

Барлығы 1020 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1. «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»- 60.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2017 жылға барлығы 977 шетел мамандарына квота белгіленген (1 санат бойынша – 28 адамға, 2 санат бойынша – 53 адамға, 3 санат бойынша – 801 адамға, 4 санат бойынша – 95 адамға) (1 санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, 2 санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 3 санат – мамандар, 4 санат – білікті жұмысшылар).
2017 жылы Жамбыл облысы бойынша 32 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 324 шетел азаматы жұмыс атқарды. (Оның ішінде Қытай, Өзбекстаннан,Түркия, Греция, Иран, Үндістан, Франция, Украина, Македония, Италия, Филиппин, Мальта, Польша,АҚШ азаматтары бар), оның ішінде 1-санат бойынша – 9 адам, 2-санат бойынша – 27 адам, 3-санат бойынша – 287 адам, 4-санат бойынша – 1 адам.
Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 5053 адамды құрады. 2017 жылы комиссия тарапынан белгіленген ерекше шарттар бойынша шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде 487 жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылды.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.
2017 жылы жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 119,5 млн. теңге салық төленді.

2. 2017 жылы 597 отбасыдан тұратын 960 адамға оралман мәртебесі берілді.
Келген Республика бойынша келесідей:
– Қырғызстан Республикасы – 5 отбасы/ 7 адам;
– Қытай Халық Республикасы – 22 отбасы /36 адам;
– Түркменстан Республикасы – 20 отбасы / 28 адам;
– Ауғанстан Республикасы – 9 отбасы / 32 адам;
– Өзбекстан Республикасы – 527 отбасы / 840 адам;
– Моңғолия – 1 отбасы / 1 адам;
– Тәжікстан – 13 отбасы / 16 адам.

Тараз қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдарына 75 оралман өтініш білдіріп, барлығы тіркеуге алынды. Олардың 16-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылып, 27 адам кәсіптік оқу курстарына , 31- ақылы қоғамдық жұмыстарына жіберілді.

2016 жыл

Барлығы 2023 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1. «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту»- 59.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2016 жылға барлығы 1465 шетел мамандарына квота белгіленген (1 санат бойынша – 15 адамға, 2 санат бойынша – 60 адамға, 3 санат бойынша – 1249 адамға, 4 санат бойынша – 141 адамға) (1 санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, 2 санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 3 санат – мамандар, 4 санат – білікті жұмысшылар).
2016 жылы Жамбыл облысы бойынша 34 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 329 шетел азаматы жұмыс атқарды. (Оның ішінде Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Франция, Украина, Түркия, Италия, Германия, Македония, Иран, Мальта, Пәкістан, Польша, АҚШ, Филиппин, Корея), оның ішінде 1-санат бойынша – 7 адам, 2-санат бойынша – 24 адам, 3-санат бойынша – 293 адам, 4-санат бойынша – 5 адам.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.

2. 2016 жылы 1037 отбасыдан тұратын 1964 адамға оралман мәртебесі берілді.
Келген Республика бойынша келесідей:
– Қытай Халық Республикасы – 44 отбасы / 90 адам,
– Түркменстан Республикасы – 15 отбасы / 40 адам,
– Өзбекстан Республикасы – 930 отбасы / 1744 адам,
– Тәжікстан – 19 отбасы / 36 адам,
– Қырғызстан- 13 отбасы/ 14 адам,
– Басқа да шет елді мемлекеттерден- 15 отбасы/40 адам

Тараз қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдарына 53 оралман өтініш білдіріп, барлығы тіркеуге алынып, 33 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты, 19- ақылы қоғамдық жұмыстарына, 1 адам қысқа мерзімдік оқу курстарына жолданды.