Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 83282 112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@adm.zhambyl.gov.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

 

 

Жамбыл  облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, №05-05-1-1 (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2019 жылдың 26 қарашасына дейін).

Функционалдық міндеттері: өзекті мәселелер туралы қоғамдық пікірді анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулерді, эксперттік бағалауды ұйымдастыру; сауалнамалар әзірлеу; сұхбат алушыларды іріктеу; жинақталған әлеуметтік ақпарттарды компьютерлік базаға енгізу; зерттеулер  нәтижесінің сызықтық есебін өңдеу; ақпараттық-талдамалық материалдар,  әлеуметтік зерттеулер негізінде ұсыныстар әзірлеу; әлеуметтік топтардың әрекеттерін сараптамалық бағалауға және болжауға қатысу; талдауға қажетті статистикалық, әлеуметтік және ақпараттық мәліметтерді жинақтау, жүйелеу; есепке алуды ұйымдастыру; аймақтағы тәуелсіз зерттеулер құрылымдардың қызметі туралы ақпараттық дерекқорды толықтыру; әлеуметтану салсындағы ақпараттық және талдамалық материалдарды жинақтау; әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру; Интернет-сайттардың контенттік толықтырылуы бойынша облыстағы мемлекеттік органдардың веб-сайттарына мониторинг жүргізу; басқарманың стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша есебін дайындауға қатысу; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар  немесе жаратылыстану ғылымдары. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе саясаттану немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мәдениеттану немесе тарих.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін, 21.08.2019 ж.), санаты D-O-4, №02-03.

Функционалдық міндеттері: шығыс және кіріс құжаттардың дұрыс, ретті жүргізілуін қамтамасыз етеді. «Кіріс», «Шығыс» және «Кеңсе» мөрлері мен мөртаңбандарының сақталуын, негізсіз қолдануға жол берілмеуін қамтамасыз етеді. Шығыс құжаттардың мемлекеттік тілде жолдануын бақылайды. Жоғарғы органдардан түскен бақылаудағы құжаттарды орындаушыларға уақытылы жеткізіп отыруды, оларға ескертулер жіберуді және уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кіріс құжаттарды орындаушыларға уақытылы таратуды қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдардан түскен хаттамалардың, актілердің орындалуына бақылау жасайды. Денсаулық сақтау басқармасының құжат айналымы, бақылаудағы құжаттар бойынша анықтамаларды әзірлейді.

Денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесінің енгізілуін ұйымдастырады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім саласында. Мамандығы: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе қазақ тілі мен әдебиеті.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

 Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін), санаты D-O-4, 1 бірлік, № 9-3.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкес, мемлекеттік орман қорын сақтау, молайту, өсіру мақсатында ұйымдастырылатын конкурстар құжаттарының құқықтық сараптама жұмыстарын қамтамасыз етеді. Уәкілетті органдардың  ұсынымдары негізінде Жамбыл облысы әкімдігіне балық шаруашылығы су айдындарын және аңшылық алқаптарды  алу, бекітіп беру туралы қаулыларының жобаларын әзірлеп қабылдауға енгізеді. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Орман ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерін анықтап, мәслихатқа бекітуге енгізеді және әділет департаментіне тіркеуге өткізеді. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауыл шаруашылық ғылымдары немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы. Мамандығы: орман ресурстары және орман өсіру немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе биология немесе экология.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»,  «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 7-2.

Функционалдық міндеттері: кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді. Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасайды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасайды. Жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасайды. Өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есепті қабылдайды. Кен іздеушілікке арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушыдан  өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы кезеңдік есепті қабылдайды. Кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындайды. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензияны қайтарып алуды қамтамасыз етеді. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай – ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының ұсынысы негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын қадағалайды. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекітеді.Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша комиссия ережесін және оның құрамын бекітеді. Мемлекеттік органмен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің регламенттерінің жобасын әзірлеу және тұтынушы нұсқаулықтарының мәтінін облыс әкімдігінің веб-сайтына орналастыру, өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда жаңартып отыруды қамтамасыз етуін бақылау жүргізеді.

  1. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің бойынша құжаттарды қарау:

1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда оларды иеліктен шығару, сондай-ақ оларды салым ретінде заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталына енгізу;

2) жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге салу кезінде өндіріп алу;

3) жаңа қатысушыны, пайшыны қабылдау немесе акцияларды орналастыру нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге құқықтың туындауы;

4) заңды тұлға қайта құрылған кезде тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;

5) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртіппен ауысуы;

6) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша сот процестеріне құжат әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе  құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе гидрогеология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексін, «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, №029-02-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыстағы діни ахуалға зерделеу, сараптау, болжау жұмыстарын жүргізу; Облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдардың қызметіне мониторинг және  талдау жүргізу;БАҚ, ғылыми және шығармашылық қауымы, қоғамдық пікір жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдары, этномәдени орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;Басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша облыстағы білім басқармасы, білім беру орындарымен тиісті жұмыстарды, діни білім беру орындарымен тиісті жұмыстарды, діни білім беру  қызметтерін зерделеу жұмыстарын  жүргізу;Басқарманың талдау және жоспарлау, ақпараттандыру, мониторингілеу, БАҚ-на материалдарды жариялау жұмыстарын жүзеге асыру;Құққ қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, түзеу мекемелері басшылығымен бірлесіп, бекітілген іс-жоспарға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру, жүзеге асыру;Ислам бағытындағы діни бірлестіктер, олардың филиалдары және өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жұмыстарын іске асыру;Ислам бағытындағы діни бірлестіктердің, филиалдардың өткізілетін діни рәсімдеріне қатысып, жүргізілген уағыздарын зерделеп, талдау жасау, келушілерінің сандық, сапалық құрамына зерделеу жұмыстарын жүргізу;ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын толтыру; Діни мазмұндағы объектілерді (түзеу мекемелердің ғибадат бөлмелерінің кабырғаларындағы жазулар, пайдаланатын діни әдебиеттер, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар және облыс кітапханаларындағы діни әдебиеттер) зерделеу жұмыстарына қатысу;Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты мен регламенті бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау барысында келісім беру жұмыстарын жүзеге асыру;Айлық, тоқсандық, жылдық  есептерге  ақпарат жинақтайды, уәкілетті органдарға есептерді  жолдау;Басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөнгелек үстелдер және өзге де отырыстардың құжаттарын дайындау және өтуін қамтамасыз ету;Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;Облыс Әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыруға қатысу;Өткізілген іс-шараларды, ақпараттарды, мәліметтерді басқарманың сайтына орналастыру үшін барлық бөлімдерден материалдар жинақтау, сайтқа енгізу;Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау;Халық арасындағы діни сауаттылықты арттыру мақсатында тиімді тәсілдерін жетілдіру жұмыстарына қатысу;ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының дін саласы бойынша бағыттарының орындалуына қажетті іс-шараларға қатысу.Басқарманың өз құзыреті шегінде  діни бірлестіктермен бірлесіп, жұмыс жасау және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: дінтану немесе теология немесе құқықтану немесе мәдениеттану немесе исламтану немесе филология немесе қоғамдық байланыс немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқадай міндетті білімі.

6.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанға дейін, 2020 жылдың 20  қаңтарына дейін),  санаты  D-О-4, 1 бірлік, № 7-2-1.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау,  ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде  болжамдық қажеттілік  туралы мәліметтерді жинақтау және жалпылау. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру, есептілікті жүргізіп, тиісті органдарға жолдау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. «Еңбек нарығы»  ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс істеу және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Азаматтар мен  ұйымдардың өтініштерін қарау,  консультативтік, іс тәжірибелік   жұмыс жүргізу. Аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының  статистикалық есептіліктерінің «Еңбек рыногы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес келуін қадағалауды қамтамасыз ету.  Жұмыспен қамту мәселесі туралы жобалық басқаруды үйлестіру және   мәліметтерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

7.Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,   D-О-4 санаты  (№ 03-1-2).

Функционалдық міндеттері: бөлім басшысы мен басқарма басшысның тапсырмаларын  орындалуына жауап береді; сәулет және  қала  құрлысына қатысты сұрақтармен  облыс әкімдігінің отырысына  материалдар әзірленуін ұйымдастыруға  қатысады,  сәулет және  қала  құрлысына қатысты  нормативтік-құқықтық  актілерді  әзірлеп, мүдделі  органдармен  келісіп бекітілуін қамтамасыз етеді; Тараз  қаласы және  аудан  әкімдіктерінің сәулет және  қала  құрлысы бөлімдерінің «Қазақстан Республикасы  аумағында жылжымайтын  мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау  жөнінде  анықтама  беру» және   «Сәулет жоспарлау тапсырмаларын беру», «Тіреу  қоршау конструкцияларын,  инженерлік  жүйелері мен  жабдықтарын өзгертпей,  қолданыстағы  үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға ,  қайта  жабдықтауға) рұқсат беру» көрсететін  мемлекеттік  қызметтеріне ішкі  бақылау мониторингі,  ақпараттық  жүйе  мен  сайтқа  орналастыруды; облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және  дайындалған жобалау құжаттарының  сапасын сәулет, қала құрлысы және  құрылыс туралы  заңына сәйкес  сақталуын; облыс аумағында  сәулет және  қала құрылысы жұмыстарын  нормативтік актілерге  сәйкес жүргізілуін; «мекен-жай  тіркелімі» ақпараттық  жүйесінің мониторингін жүргізу; облыстық  мәслихат бекіту  үшін облыстық  қала құрылысы Кеңесі ведомствоаралық комиссия  құрамын облыстық  мәслихатқа  ұсыну; өз  саласына қатысты мемлекеттік  атып  алу конкурсына материалдар мен  техникалық ерекшеліктерді дайындайды,  мемлекеттік  қала  құрылысы кадастрының  дерекқорына  енгізу  үшін белгіленген  тәртіппен мәліметтер беру, ұйымдастыру;  тарихи және  мәдени ескерткіштерге қорғауға  қатысты әзірленген  нормативтік-құқықтық  актілерге ұсыныстар енгізеді; жоғарғы  мемлекеттік  органдардың хаттамалық және  өзге  де тапсырмасын , қала  құрылысы Кеңесі мен техникалық  кеңес отырысын ұйымдастырады, өзге де өкілеттіктерді  жүзеге  асырады; ҚР Президентінің Жарлығын; ҚР Үкіметі қаулыларын,  нормативтік-құқықтық  актілер мен  заңнамалардың өз  құзыреті шегінде орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – өнер немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: сәулет немесе құрылыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты (№ 03-1-3).

Функционалдық міндеттері: бөлім басшысы мен басқарма басшысның тапсырмаларын  орындалуына жауап береді; сәулет және  қала  құрлысына қатысты сұрақтармен  облыс әкімдігінің отырысына  материалдар әзірленуін ұйымдастыруға  қатысады,  сәулет және  қала  құрлысына қатысты  нормативтік-құқықтық  актілерді  әзірлеп, мүдделі  органдармен  келісіп бекітілуін қамтамасыз етеді; Тараз  қаласы және  аудан  әкімдіктерінің сәулет және  қала  құрлысы бөлімдерінің «Қазақстан Республикасы  аумағында жылжымайтын  мүлік обьектілерінің мекенжайын анықтау  жөнінде  анықтама  беру» және   «Сәулет жоспарлау тапсырмаларын беру», «Тіреу  қоршау конструкцияларын,  инженерлік  жүйелері мен  жабдықтарын өзгертпей,  қолданыстағы  үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға ,  қайта  жабдықтауға) рұқсат беру» көрсететін  мемлекеттік  қызметтеріне ішкі  бақылау мониторингі,  ақпараттық  жүйе  мен  сайтқа  орналастыруды; облыс аумағындағы ғимараттар қасбеттерінің және  дайындалған жобалау құжаттарының  сапасын сәулет, қала құрлысы және  құрылыс туралы  заңына сәйкес  сақталуын; облыс аумағында  сәулет және  қала құрылысы жұмыстарын  нормативтік актілерге  сәйкес жүргізілуін; «мекен-жай  тіркелімі» ақпараттық  жүйесінің мониторингін жүргізу; облыстық  мәслихат бекіту  үшін облыстық  қала құрылысы Кеңесі ведомствоаралық комиссия  құрамын облыстық  мәслихатқа  ұсыну; өз  саласына қатысты мемлекеттік  атып  алу конкурсына материалдар мен  техникалық ерекшеліктерді дайындайды,  мемлекеттік  қала  құрылысы кадастрының  дерекқорына  енгізу  үшін белгіленген  тәртіппен мәліметтер беру, ұйымдастыру;  тарихи және  мәдени ескерткіштерге қорғауға  қатысты әзірленген  нормативтік-құқықтық  актілерге ұсыныстар енгізеді; жоғарғы  мемлекеттік  органдардың хаттамалық және  өзге  де тапсырмасын , қала  құрылысы Кеңесі мен техникалық  кеңес отырысын ұйымдастырады, өзге де өкілеттіктерді  жүзеге  асырады; ҚР Президентінің Жарлығын; ҚР Үкіметі қаулыларын,  нормативтік-құқықтық  актілер мен  заңнамалардың өз  құзыреті шегінде орындайды; эзкиздік  жобалармен  келісу, басқарма  басшысы тарапынан берілген  өзге  де тапсырмаларды орындайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркейді, 1 ОЛ есептерін жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – өнер немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету. Мамандығы: сәулет немесе құрылыс немесе кадастр.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік және экспорт мониторингі бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, №01-02-04-02.

 Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы арнайы ұйымның ұсынысын енгізу; тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы әкімінің шешімі қабылданған күні мамандандырылған ұйымға жазбаша хабарлау; әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына апта сайын мониторинг жүргізу; бағаны тұрақтандыру қоры бойынша комиссиясының отырысына материалдар дайындау; Басқарма басшысы бекіткен жұмыс жоспарын орындап, бақылау. Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау; азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуетін, логистикалық мүмкіндіктерін анықтауда, көлік логистикалық инфрақұрлымын дамуына талдау жүргізу, тасымалдау жағдайын жетілдіруге ұсыныстарды әзірлеу, сыртқы нарықтан импортталатын азық-түлік өнімдерінің айналымын зерделеу, ерекшеліктерін анықтау, тасымалдау жағдайын сараптау, азық-түлік өнімдерін өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи техникалар мен технологияларды өндіріске еңгізуге жағдай жасау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын қадағалау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау,  уақтылы  және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін  сақтау. Маман еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде міндетін бөлім басшысы атқарады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика немесе биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,   Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жинақтау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, №01-03-04-03.

                Функционалдық міндеттері: ауыл шаруашылығы салалары бойынша экономикалық талдау жұмыстарын жүргізіп, АӨК бойынша нақты ұсыныстар, пікірлер, қызметтік хаттардың жобасын дайындайды; АӨК саласының әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдау бағыттары бойынша қажетті құжаттардың жобасын дайындау; Басқарма тарапынан жүргізілетін мемлекеттік бағдарламалардың қаулы жобаларының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттері бойынша құжаттардың орфографиялық қателерін қарау; 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламасының орындалуына талдау жүргізіп, ол туралы облыс әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау  және қаржы басқармаларына, басқа да басқармаларға тиісті құжаттардың, мәліметтердің, қызметтік хаттардың жобасын дайындау; Жамбыл облысы дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуына талдау жасап, мониторинг жүргізіп, ол туралы облыс әкімі аппаратына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларына, басқа да басқармаларға тиісті құжаттардың, мәліметтердің, қызметтік хаттардың, басқа да мәліметтердің, таблицалық материалдардың жобасын дайындау; АӨК салалары бойынша бағдарламалар, іс-шаралар және басқа да құжаттардың жобасын жасап, олар бойынша ұсыныстардың жобасын дайындау; аумақты дамыту картасын әзірлеуге және қажеттілікке қарай өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету; басқа-да басқармаға берілген мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; Облыстың экономикалық бағыттары бойынша құжаттарды басқа басқармалармен бірлесе дайындайды, аграрлық саланың көрсеткіштеріне экономикалық талдау жүргізіп, жыл, тоқсан қорытындылары және ай сайынғы көрсеткіштерге талдау жүргізіп, бұл бағытта өз ұсынысын дайындау; Басқарма басшысы қатысатын жиындар мен өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттарды БАҚ қызметкерлеріне мерзімінен бұрын тұрақты түрде хабарлау; Республикалық немесе облыстық БАҚ өкілдері сұратқан ақпараттар мен фотоларды дер кезінде ұсыну; Басқарманың ресми сайтын ақпаратпен жүйелі түрде толтыру; Басқарманың оң имиджін қалыптастыру мақсатында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде материал жариялау және барлық бөлімдерден қажетті мәліметтерді жинау жұмыстарын ұйымдастыру; электронды пошта арқылы баспасөз-парақтар және басқа да материалдарды республикалық, жергілікті БАҚ өкілдеріне жүйелі түрде жолдау, сондай-ақ облыс әкімі баспасөз қызметімен жанды байланыс орнату; әкімдік пен қоғам арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме басшыларын телерадио және баспа басылымы арқылы сұхбатқа шақыру, БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын, брифингін және кездесулерді ұйымдастыру; бөлімге келіп түскен хаттарға, арыздарға, басқа да құжаттарға  жауаптар дайындап, олардың уақтылы орындалуын қадағалап отыру; Басқарма басшысының, оның орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырған жұмыстарын орындау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін  сақтау; Еңбек демалысына, іссапарға кеткен жағдайда және басқа да жағдайларда  бас мамандар бірін-бірі алмастырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық  ғылымдары саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе білім  саласында. Мамандығы: ауылшаруашылық  ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немес журналистика немесе қазақ тілі мен әдебиеті.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы»,  «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», Заңдарын  және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@adm.zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

  _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

   

 

 

 

 

   

 

 

 

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата