Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 D-О-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

D-О-5 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 108306 146177
D-O-5 97510 132020

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік, № 3-3.

Функционалдық міндеттері: Облыста коммуналдық қызмет көрсетілетін тарифтердің жүзеге асырылуын үйлестіру, талдау және аналитикалық мәліметтер дайындау. Облыс бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарының орындалуы және жүзеге асырылуын бақылау, талдау және аналитикалық мәліметтер дайындап тиісті органға ақпарат жолданылуын қамтамасыз ету. Энергия үнемдеу және энергия тиімділік жұмыстарына мониторинг жүргізу. Елді мекендердің электр энергиясы қажеттілігін қамтамасыз ету. Облыс қалалары мен аудандарының энергоүнемдеу мен энерготиімділік жұмыстарына координация жасап үйлестіру және талдау.Жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді дайындайды, тиісті органдардарға жолдайды және мониторингілейді. Бөлімнің құзырына кіретін басқа да сұрақтар бойынша анықтамалар мен мәліметтер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының әкімшілік және қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, №05-06-1-1.

Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есеп берулерді жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қаржылық жылға арналған бюджеттік тапсырысты құрастыруға қатысу; облыстық қазынашылық басқармасымен қаржылық операцияларды жүргізу; банк құжаттарын әзірлеу; еңбекақы және басқа да төлемдерді есептеу мен аудару; тауарлы-материалдық құндылықтарды тіркеу және сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдарды есептеу; басқарманың балансындағы активтерді, матеиралдарды және тез тозатын заттарды бақылау және олардың сақталуын қамтамасыз ету; ақшаларды, материалдық құндылықтарды және есеп айырысуларды түгендеу жүргізуге қатысу; салық және статистикалық есептерді әзірлеу және ұсыну, іс-сапар шығындарыын есептеу және аудару;  депозит шотындағы есептерді жүргізу; баға ұсыныстары арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізу; мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істеу; тауар мен қызметтерді жеткізушілермен уақтылы шарт жасау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу; сатып алу шарттары мен хаттамаларын ресімдеу; әлеуетті жеткізушілерге тауар; жұмыс және көрсетілетін қызметтер түрлерін жеткізуге бақылау жасау; басқарма бөлімдерін материалмен, техникамен қамтамасыздандыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік  туралы», «Мемлекеттік сатып алу», «Мемлекеттік кұпиялар туралы»  Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

3.Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы,  санаты  D-О-4, 1 бірлік, № 5-2-3.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау,  ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген нысаналы топтар  туралы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөніндегі мәліметтерді, ақпараттарды жалпылау мен талдау. Нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.  Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік жұмыс жүргізу. Бөлімге түсетін жазбаша және ауызша өтініштермен жұмыс. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша жұмыстарын жүргізу. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік  көрсетілетін қызмет  стандарттары  бойынша уәкілетті органдардың  жұмысын үйлестіру, регламенттерді  дайындау. Өзі бағыттайтын мәселелер бойынша жұмыспен қамту уәкілетті органдарының есеп беруінің уақытылы және дәйекті болуын бақылауды ұйымдастыру. Жұмыспен қамту уәкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету және олардың жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарды,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4.Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық  бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №3-2.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларына сәйкес облыстық бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік жүйені жүргізеді. Аппараттың бухгалтерлік есеп жөніндегі жеке қаржы жоспарын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің нұсқамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Басқарманың бағынысындағы мекемелер мен кәсіпорындардан айлық есептерін қабылдайды және ақпараттық жүйеде (компьютерде) бюджеттің орындалуы жайлы айлық есеп, кредиторлық қарыз туралы есеп пен дебиторлық есептің  жиынтығын жинайды. Басқарманың жеке қаржы жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз етеді, облыстық деңгейде  спорттық жарыстарды өткізу, әртүрлері спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының  мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы жөніндегі бағдарламалардың орындалу жөніндегі іс-шаралардың қаржылық және есептік құжаттарын әзірлейді. Бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу бойынша және жеке қаржылық жоспарларының орындалуы жөнінде  басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Басқарманың жеке қаржылық жоспарларын дайындап оларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды әзірлейді. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарынан ағымды және жылдық есептерін алады, оларды қарайды, қорытынды жасайды және дұрыстығын қадағалайды, олардағы тауарлы материал дық құндылықтардың, негізгі құралдарды есептен шығару құжаттарын дайындайды. Дене шынықтыру мен спортты дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында спортты дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және есебін жасайды. Басқарма мен басқармаға қарасты спорт мекемелері мен кәсіпорындарының бюджет жобасын әзірлеу жұмыстарын қадағалайды және  шығыс сметасы бойынша жиынтық жоспарын құрады, олардың бюджеттік өтінімдеріндегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Спорт мекемелері мен кәсіпорындарының тарификация өткізу және дұрыстығы мен толықтығын қадағалайды. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарындағы штаттық бірлік, құрылым және оқушылардың саны туралы мәліметті функциональдық  топтарға сәйкес ақпараттық жүйеде жыл сайын жинақтайды. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын,  Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, Еңбек Кодексін, Салық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу.

 

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
(қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

  _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения

 

 

   

 

 

 

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата