БОС АЗАМАТТЫҚ ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  • Конкурс өткізуге бос лауазымының атауы –«№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

2)Ұйымның орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны, оның атауы, негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Тараз қаласы Красина көшесінің 1 бұрылысы №1 «А» тел:52-09-51; №1 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектер мен қарт адамдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.03.2015 жылғы №165 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну.

3) Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

Функционалдық міндеттері:

медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылықты жүзеге асырады, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

ұйымды басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды;

ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедек балалармен, қарттармен және мүгедектермен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады;

ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

сауықтыру, оқу профилактикалық жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;

мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектердің заңды құқықтарын (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) және мүдделерін қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды;

протездік-ортопедиялық, басқа да арнаулы құралдарға мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектерді олармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады;

бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.

4) Құжаттарды қабылдау кезеңі  – Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: (Индекс 080000, Тараз қаласы, Қарахан көшесі 1 үй, (5 қабат), каб.52 тел/факс: 8(7262) 45-37-67, 45-16-81, kense_taraz@mail.ru)

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген).
  • лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.