Ереже

Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 25 тамыздағы
№ 267  қаулысымен бекітілген

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік   бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1.Жалпы ережелер                  

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру, әлеуметтік әріптестік арқылы ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылдық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық -құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қарахан көшесі,1 үй.

  1. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетттерден жүзеге асырылады.
  4. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. Басқарма қызметінің миссиясы:

Жамбыл облысы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасын және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясатты іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.

  1. Міндеттері:

1) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде қызметін үйлестіру;

2) аз қамтылғандар мен баласы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету;

3) жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

4) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

  1. Функциялары:

1)  Қазақстан Республикасы заңдарын және халықты жұмыспен қамту мен халықты әлеуметтік қорғау бойынша өзге де нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоратившілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

4) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлау;

5)жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрату;

6) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру;

7) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрату;

8) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен, салық органдарымен, ішкі істер органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен әр тараптың өз міндеттерін орындауы үшін қажет болатын есепті құжаттама мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтемсіз негізде алмасу;

10) халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

11) өз құзіреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

12) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдауды;

13) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдауды;

14) этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін алғашқы қоныстандыру, олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге жүзеге асыру;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес көшіп-қонушылардың балаларының білім алу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдау;

16) мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру;

17) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

18) мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;

19) заңға сәйкес тиісті аумақта медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастыру;

20) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердің және мүгедек балалардың санаторий-курорттық  емделуін қамтамасыз ету;

21) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

22) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің  қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар  өтізуді ұйымдастыру;

23) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;

24) мүгедектерге  қайырымдылық   және   әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіру;

25) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

26) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара  іс-қимылды жүзеге асыру;

27) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілер  құруды және оладың қызметін;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін;

халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

28) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөніндегі шараларды қабылдау;

29) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлеу және оларды облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну;

30) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарау және келісу;

31) еңбек қатынастары бойынша қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын облыстық органдармен бірлесіп, іс-әрекет жасау және қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету;

32) мекеме құзыретіне кіретін барлық қызмет бағыттары бойынша, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен регламенттері бойынша, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Тараз қаласы мен аудандардағы органдардың қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

33) еңбек нарығы бойынша қысқа және ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, еңбек нарығына талдау жасау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, облыстағы халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау саясатындағы басты бағыттарды белгілеу;

34) жұмыссыздарды кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына талдау жасау;

35) ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына бөлінген қаражаттың тиімді пайдалануына талдау жасау және оларды жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

36) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіндегі нысаналы топтарды жұмыспен қамту;

37) қалалық, аудандық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың, жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне талдау жасау және олардың жұмыстарын жетілдіру үшін қажетті шаралар қолдану;

38) еңбек нарығының, еңбек қатынастарының және әлеуметтік қорғаудың жағдайлары туралы бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;

39) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша ведомстволық және статистикалық есептерді дайындау;

40) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиімді әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;

41) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға материалдық көмек және басқа да жәрдемақылар тағайындаған кезде қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету;

42) интернат үйлерінде, мүгедектер және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарындағы азаматтарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру;

43) халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша мәліметтер мен ақпараттарды жедел жинау және жалпылау шараларын жүзеге асыру;

44) халықтың тұрмысы төмен бөлігіне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, заңды және жеке тұлғалармен бірлесе әрекет жасау және оны үйлестіру;

45) тұрмысы төмен азаматтарды және олардың мәртебесін анықтау және еңбек, соғыс ардагерлерімен жұмыс жүргізуге, әлеуметтік колдау көрсетуге ықпал ету;

46) азаматтарды қабылдауды және оларға халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;

47) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтінімдерді қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану және жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заңнамалық, құқықтық және басқа актілерін қолдану тәртібін түсіндіру;

48) мекеменің жұмысына жұмыс орындарын автоматтандыру бойынша ақпараттық технологиялардың жаңа үлгілерін енгізу, арнайы бағдарламаларды енгізу, компьютерлік техника көмегімен жұмыстың қазіргі әдістерін меңгеру бойынша мамандарға оқыту семинарларын ұйымдастыру;

49) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерімен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

50) жұмыстың  сапасы  мен  өнімділігін  арттыру, мекемедегі басқару

жүйесінің қызметін бағалау мақсатында мекеме қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

51) зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметін үйлестіру.Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облыстық әкімдігінің 26.12.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

құрылымдық мекемелер, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталықтарынан есептер, ақпараттар сұрату;

Міндеттері:

өңірлік деңгейде жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. Басқарманың бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  5. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеменің басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

2) мекеменің функцияларына сай келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған мекеме басшысының әрекеттері еңбек міндеттемесін бұзу болып саналады және белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапқа тартуға негіз болады;

3) мекеме басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді, мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені өкілетті органмен берілген құзырының шегінде және осы Ережеге сәйкес өз бетімен шешеді.

22.Мекеме басшысының құқықтары:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін білдіреді;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

4) банкіде есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;

5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

7) қызметкерлерді марапаттайды және оларға қатысты тәтіптік жазалау шараларын қабылдайды;

8) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

9) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен қарамағындағы мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қарамағындағы мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын), бас бухгалтерін қызметке тағайындау мен босатуға келісім береді;

23.Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. Басқарманың аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басқарма басшысы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның мүлкі
  4. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  4. Басқарманы тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіЕскерту. Тізбесіне өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы әкімдігінің 26.12.2014 № 356 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Жамбыл облысы  әкімдігінің  жұмыспен  қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.5. алып тасталды – Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 №249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  5. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  6. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  7. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Тараз қаласындағы №1 Жүйке аурулар интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  8. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.