Басшы туралы

Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы 1966 жылдың 22 мамырында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Абай колхозында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1998 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл облысы, Луговой жөндеу механикалық кәсіпорнының инженер-технологы болып бастаған.

1990-1991 жылдары Луговой аудандық Қазақстан ЛКЖО комсомол комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.

1991-1993 жылдары Луговой ауданы, «Путь коммунизма» колхозының есепшісі қызметін атқарған.

1993 жылы Луговой ауданы, «Қарақыстақ» агробірлестігі бригадирінің көмекшісі ретінде қызмет еткен.

1993-1996 жылдары Луговой ауданы, «Нағыз» шағын кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.

1997-1998 жылдары Т.Рысқұлов ауданы, «Мелиоратор» шағын кәсіпорнының шебері болып қызмет еткен.

1998-1999 жылдары Т.Рысқұлов ауданы, «Қуат» шаруа қожалығының есепшісі қызметін атқарған.

1999-2001 жылдары Т.Рысқұлов ауданы, «Қарақыстақ» өндірістік кооперативінің бас инженері, өндіріс басқарушысы қызметтерін атқарған.

2001-2005 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2005-2006 жылдары Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі қызметін атқарған.

2006-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас инспекторы, өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

2013-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8(7262) 45-71-97 (қабылдау бөл.: 45-37-67).