Орынбасарлары

Сейтбеков Сейдахмет Сейткерімұлы 1957 жылдың 1 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1979 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық қаржы бөлімінде ревизор-инспектор болып бастаған.

1983 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кіріс инспекциясында аға экономист қызметін атқарған.

1983 – 1986 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында бас экономист болып қызмет еткен.

1986 – 1989 жылдар аралығында Жамбыл облысы,  Жамбыл аудандық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің инструкторы.

1989 – 1990 жылдар аралығында Жамбыл облысы,  Жамбыл аудандық партия комитеті бақылау ұйымдастыру бөлімінің инспекторы.

1990 – 1991 жылдар аралығында Жамбыл облысы,  Жамбыл аудандық Советінің атқару комитетінің іс басқарушы қызметінде еңбек еткен.

1991 – 1993 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы шаруа одағының төраға орынбасары болып қызмет еткен.

1993 – 1994 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, «Жаңа жол» шаруа (фермерлік) қожалықтары мен а/шаруашылық кооператив ассоциациясының төрағасы.

1994 – 1996 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық шаруашылығы экономика және қаржы бойынша басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

1996 – 1997 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, «Жаңа жол» шаруа  (фермерлік) қожалықтары мен  а/шаруашылық кооператив ассоциациясының төрағасы.

1997 – 1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы,  «Отырар» шаруа қожалығының басшысы.

1998 – 2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2005 – 2008 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болып қызмет еткен.

2008 жылдан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етуде.

 

 

Бықыбаев Ермек Бықыбайұлы 1959 жылдың 26 маусымында Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «Ауылшаруашылық құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.

1994 жылы Қазақстанның менеджмент экономика және болжау институтын «Әлеуметтік-экономикалық  процестерді басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл қаласы, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты «Технология және құрылысты ұйымдастыру» кафедрасының ассистенті болып бастаған.

1981 – 1983 жылдары Жамбыл қаласы, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары болып еңбек еткен.

1983 – 1984 жылдары Жамбыл қаласы,  Жамбыл облыстық комсомол комитеті мектеп, студент жастары және пионерлер бөлімінің нұсқаушысы.

1984 – 1987 жылдар аралығында Жамбыл қаласы, облыстық студенттік құрылыс отрядының  штаб комиссары болып еңбек еткен.

1987 – 1990 жылдар аралығында Жамбыл қаласы, облыстық комсомол комитетінің студенттік отрядтар штабының командирі.

1990 – 1992 жылдар аралығында Жамбыл қаласы, облыстық ғылыми-экономикалық өндірістік  бірлестігінің бас директоры.

1992 – 1996 жылдары Тараз қаласы, «ЕГЕС»  көпсалалы жеке фирмасының директоры болып қызмет еткен.

1996 – 1997 жылдар аралығында Тараз қаласы, «Заман» ЖШС-нің президенті.

1997 – 1998 жылдар аралығында Тараз қаласы, туризм және спорт істері жөніндегі  облыстық басқармасы бөлімінің бастығы.

1998 жылы Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің консультанты.

1998 – 1999 жылдар аралығында Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімі аппараты істер жөніндегі басқарушысы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

1999 жылы Тараз қаласы, қалалық сәулет және қала құрылыс басқармасының бас сәулетшісі.

1999 – 2000 жылдары Тараз қаласы әкімдігі қаржы-экономикалық және техникалық сараптамасының шығыстарды және төлемдерді  реттеу бөлімінің бастығы болып қызмет еткен.

2000 – 2002 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігі экономика  және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

2002 – 2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2005 – 2010 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

2010 – 2012 жылдары Тараз қаласы, «Корпорация Сенім» ЖШС бастығының орынбасары.

2012 жылдан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етуде.

 

Баққараев Олжас Елебекұлы 1985 жылдың 25 мамырында Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
2007 жылы В.И.Ульянов атындағы «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электртехникалық университетін «Техника және технология бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылы В.И.Ульянов атындағы «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электртехникалық университетін «Техника және технология магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы М.И.Калинин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.

24.01.2012 – 26.10.2012 жж. – Нұр-Сұлтан қаласы, ДББҰ «Назарбаев Университеті», «NULITS» ЖМ дамыту департаментінің басшысы қызметін атқарған.

14.02.2013 – 20.08.2013 жж. – Тараз қаласы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің («СПК-Тараз» АҚ) сарапшысы болып қызмет еткен.

23.09.2013 – 13.10.2014 жж. – Тараз қаласы, «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ-нің бас маманы қызметін атқарған.

13.10.2014 – 06.02.2020 жж. – Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы болып қызмет еткен.
2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.