Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағиданы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларының аттестаттаудан өткізу қағидасы және шарты бекітілсін.
2.Осы бұйрықты басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары Е.Бықыбаевқа жүктелсін.
4.Персоналды басқару қызметі осы бұйрықпен тиісті қызметкерлерді таныстырсын.

Басшының міндетін атқарушы                                                                         С.Сейтбеков

БЕКІТІЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы басшының м.а. бұйрығы
«_____» ______________ 2018 жыл
№ ___________

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын аттестаттаудан өткізу қағидалары және шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы №1041 бұйрығына сәйкес әзірленді
2. Медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын аттестаттау – олардың кәсіптік-біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын (разряд) белгілеу жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсім.
3. Жүкті әйелдерден басқа барлық медициналық-әлеуметтік мекемелер директорлары аттестатталуға тиіс.
4. Біліктілік санаттар (разрядтар) басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi.
Бұл ретте, аттестаттау аталған мерзім басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Бала күтімі бойынша демалыста жүрген медициналық-әлеуметтік мекемелер директорлары қызметке шыққаннан кейін алты айдан кейін аттестатталады.
6. Аттестаттау мынадай бірқатар тізбекті кезеңді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;
3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

7. Аттестаттауды өткізуге дайындықты басшының тапсырмасы бойынша аттестаттайтын органның кадр қызметі ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) аттестаттаудан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттауды өткізудің кестелерін әзірлеу;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
8. Кадр қызметі осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиіс қызметшілерді жылына бір рет айқындайды.
9. Ұйымның басшысы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.
10. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.
11. Аттестатталуға тиіс медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын тікелей басшының орынбасары қызметтік мінездемені ресімдеп, оны кадр қызметіне жолдайды.
12. Қызметтік мінездеме аттестатталушы қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтиды.
13. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
14. Медициналық-әлеуметтік мекемелер директорлары өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда келіспеу туралы мәлімдеме жасайды және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне ұсынады.
15. Аттестатталушы қызметшіге кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтетін медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларына аттестаттау парағын ресімдейді.
16. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

3. Аттестаттау комиссиясы

17. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша ұйымның басшысы құрады және ол комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төраға болады, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылданатын шешімдері үшін жауапты болады.
18. Аттестаттау комиссиясының құрамына ұйымның тиісті бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің басшылары, ұйым жұмыскерлерінiң өкілі кіреді.
Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің өкілі болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетеді және аттестаттау комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
19. Құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.
20. Дауыс берудің нәтижесі аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтетін медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын бағалау парағын толтыру қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

4. Аттестаттауды өткізу

21. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталушы медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын қатысуымен өткізеді.
Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейінгі мерзімге ауыстырылады.
22. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерттейді және аттестатталатын адамды тыңдайды.
Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі құзіреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған болуға тиіс.
Аттестатталатын адамның кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтуі қажет.
23. Ұсынылған материалдарды зерттеу және медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларымен әңгімелесу нәтижесінде комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне лайықты;
2) қайталап аттестаттауға жатады;
Комиссия оң шешім шығару кезінде медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларының сәйкес біліктілік санатын (разрадын) бекітеді (растайды) не оны бекітуге негіз жоқ екендігін белгілейді.
24. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
25. Қайталап аттестаттау бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен өтеді. Қайталап аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне лайықты;
2) атқаратын қызметіне лайықты емес.
Атқаратын қызметіне лайық болған кезде комиссия осы Қағидалардың 23-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес шешім қабылдайды.
26. Аттестаттау комиссиясының шешімдері, оның мәжілісіне қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
27. Медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларын аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырады.
28. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін ұйымның басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.
29. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері медициналық-әлеуметтік мекемелер директорлардың аттестаттау парақтарына енгізіледі.
30. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады.
31. Осы Қағидаларды бұзу жағдайлары анықталған жағдайларда, ұйым басшысы бұйрықтың күшін жояды және қайталап аттестаттауды тағайындайды. Қайталап аттестаттау осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасына қарасты медициналық-әлеуметтік
мекемелер директорларды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына және шарттарына 1-қосымша

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы
____ ____
Аттестаттаудың түрі: кезекті – |____|; қайталап – |____| (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
2. Туған күні _______ж. «___»________________________________________
3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау жөніндегі мәліметтер
(қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша мамандығы
және біліктілігі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты
(разряды)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтілі – ______________________________________________
6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі
___________________________________________________________________
7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен
ұсыныстары:________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Аттестатталушының ой-пікірі _______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесі бойынша азаматтық
қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы ____________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.
11. Дауысқа салу қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір
мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін
бағалау парағына сәйкес бағалау:
1) атқаратын қызметіне лайықты (дауыс саны) _______________;
2) қайталап аттестатталуға жатады (дауыс саны) ____________;*
3) атқаратын қызметіне лайықты емес (дауыс саны) __________
12. Біліктілік санаты (разряды):
1) ________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына) лайықты
_____________________ (дауыс саны) ________________________________
(әр біліктілік санаты бойынша жеке)
2) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ (дауыс
саны)______________________________________________________________ Қорытынды бағалау ______________________________________________________________________________________________________________________________________
(біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен жазылады)
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін
дәлелдемелермен қоса) _______________________________________________
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ 14. Ескертпелер _____________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттаудың өткізілген күні 20____ж. «___»__________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы жөніндегі шешімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Аттестаттау парағымен таныстым: ____________________________
(азаматтық қызметшінің
қолы және күні)
Ұйым мөртаңбасының орны
* қайталап аттестаттаудан өткен кезде 2 деген баға қойылмайды

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер директорларды аттестаттаудан өткізу қағидаларына
және шарттарына 2-қосымша

Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
____ ____
Аттестаттау түрі: кезекті – |____|; қайталап – |____| (керектісін Х
белгісімен белгілеу керек)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестатталушының бағасы_____________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (төмендегінің бірі:
атқаратын лауазымына сәйкес, қайталап аттестатталуға тиіс*;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшесі шешімінің негіздемесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Біліктілік санатына (разрядына) лайықты _____________________________
Біліктілік санатын (разрядына) белгілеуге негіз жоқ__________________
Негіздеме:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясының мүшесі ____________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы ___________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Күні 20___ жылғы «___» ____________
* қайталап аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды