Әлеуметтік сала мамандарына арналған оқыту семинары өтті

Бүгін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жаңғыртылған нұсқасы бойынша жұмыстың жүргізілу тәсілдерін көрсету мақсатында әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға Тараз қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қатысты. Басқарманың ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ш.Жорғатаева қатысушыларды аталған ақпараттық жүйенің жаңғыртылған нұсқасымен таныстырып, оларға жұмыс жүргізудің тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.