«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты мерекелік шара өтті

Ағымдағы жылдың 29 тамызында №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты мерекелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шарада орталық басшысы М.Бердалиев сөз алып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Мерекелік шара орталықтың қызмет алушылары мен қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.