Ағымдағы жылдан бастап АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды

АӘК-тің өзгертілген тетігі ашықтықты, әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбекке ынталандыруды арттыруға бағытталған

Жаңа тәсілдер балалардың санына байланысты сараланған мөлшерде (42 500-ден 74 400 теңгеге дейін) табыстарын есепке алмай, 30 мыңнан астам көп балалы отбасыларға жәрдемақы енгізуді көздейді.

АӘК көрсетудің классикалық моделіне қайтару (АӘК үшін тоқсан сайын жүгіну, критерий – өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%). Бұл ретте, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан жағдайда, АӘК барлық отбасы мүшелеріне тағайындалмайды, сондай-ақ АӘК-тің балаларға бекітілген төлемдері жойылған.

Оның орнына аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілді әлеуметтік топтамасы енгізілген (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия тауарларын қамтамасыз ету; тегін тамақ, мектеп формасын, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру). Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасына АӘК алушылар үшін жеңілдікпен микрокредит беру және оқусыз гранттар беру бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бағдарлама аясында 10 мыңнан астам адамға жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету жоспарлануда.