№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Мейірімді жүрек – жылы тілек» тақырыбында облыстық семинар өтті

 

Ағымдағы жылдың 20 маусымында Қаратау қаласындағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Мейірімді жүрек – жылы тілек» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар жұмысын облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы А.Утеулина ашып, орталық директоры Е.Әнетбаев құттықтау сөзін білдірді.

Облыстық семинар барысында орталықтың психологы Р.Асилбекова бір-біріне деген мейірімділікті, өзара сыйластықты, достық қарым-қатынасқа түсу мәдениетін нығайту мақсатында психологиялық тренингтер жүргізді.

Семинар қорытындысында сала мамандары пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, орталықта қызмет алып отырған қарт аталар мен апаларға, семинар қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама қойылды.