2020 жылдың 23 мамырынан бастап бос орын

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы, 1 бірлік, санаты D-О-3, № 4-1.
Функционалдық міндеттері: ҚР «ҚР мүгедектердің әлеуметтік туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік, медико-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңнамаларын жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерді әзірлеп бекітуге ұсыну. Мүгедек балаларға үйінде қызмет көрсету, мүгедектерді протез-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло техникамен, міндетті гигиеналық және техникалық құралдармен, жеке көмекшілер және ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды құрылымдық мекемелерге қабылдау, ұстау, шығару мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Құрылымдық мекемелерге орналасатын азаматтарды тіркеу, құжаттарын ресімдеу және жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен қарым-қатынас жасау. Прогрессивті және инновациялық жұмыс тәсілдерін, басқарманың арнайы Веб-портал жүйесіне мүгедектерге қатысты мәселелерді, жаңалықтарды енгізу. Бөлім ақпараттары мен мәліметтерін жалпылау және талдау. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу. Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік проблемаларды шешуде көмектесу және олардың қызметін үйлестіру. «Е-Собес», «Қолжетімділігінің интерактивті карта» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын ұйымдастыру. ҚР «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», «Кемтар балаларды түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының, адамдарды қабылдау мен ұстау бөлігінде құрылымдық мекемелердің жұмысын қадағалаудың орындалуын бақылауды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс.