2019 жылдың 29 қарашасынан бастап бос орын

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшы орынбасары,  санаты – D-О-2, 1 бірлік, № 01-1.

Функционалдық міндеттері: Басқармадағы бухгалтерлік есепті жүргізу, халықтың аз қамтылған топтарына тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмектерді көрсету, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, кейбір санаттағы азаматтарға материалдық көмек және ауылды жердегі әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға берілетін материалдық көмек бойынша, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру  есептерін дайындау, еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау бойынша жұмысты үйлестіру. Бюджетті жоспарлау, енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ашық лимиттер мен олардың мақсатты қолданылуына сәйкес қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау жұмыстарын үйлестіру; мемлекеттік органдармен, барлық меншік нысанындағы ұйымдармен қарым-қатынас жасау сұрақтары бойынша заңнамалық және нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету. Жамбыл облысының даму бағдарламасының әлеуметтік салаға қатысты бөлімін әзірлеу және орындалуын бақылау. Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру. «Е-Халық», «Е-Собес» және «1С-Бухгалтерия» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау.Уәкілетті органдардың халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік, қайырымдылық көмек көрсету, кейбір жеке тұлғаларға өтемақы төлемдері  және құрылымдық мекемелердің мемлекеттік сатып алулар сұрақтары бойынша үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету. Құрылымдық мекемелердің бюджетті жоспарлау және орындау, облыс Әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, экономикалық талдау, еңбекақы төлеу және өмір сүру деңгейі сұрақтары бойынша үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе білім саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе педагогика және психология немесе әлеуметтік  жұмыс.