2019 жылдың 27 қарашасынан бастап бос орын

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы,  санаты – D-О-4, 1 бірлік, № 5-2-3.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау,  ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген нысаналы топтар  туралы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөніндегі мәліметтерді, ақпараттарды жалпылау мен талдау. Нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.  Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік жұмыс жүргізу. Бөлімге түсетін жазбаша және ауызша өтініштермен жұмыс. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша жұмыстарын жүргізу. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік  көрсетілетін қызмет  стандарттары  бойынша уәкілетті органдардың  жұмысын үйлестіру, регламенттерді  дайындау. Өзі бағыттайтын мәселелер бойынша жұмыспен қамту уәкілетті органдарының есеп беруінің уақытылы және дәйекті болуын бақылауды ұйымдастыру. Жұмыспен қамту уәкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету және олардың жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарды,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.