2019 жылдың 8 қарашасынан бастап бос орын

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы,  санаты – D-О-3, 1 бірлік, № 5-1.

Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамтуға ықпал ететін  бағдарламалардың  бөлімнің жұмысына  қатысты  тараулары бойынша жұмыстарды үйлестіру,  ақпараттарды талдау, жалпылау және материалдар дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсатты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.  Жұмыспен қамту органдарының жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы,  ақылы қоғамдық жұмыстарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту  бойынша  жұмыстарын үйлестіру. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру. Халықты жұмыспен қамту заңнамасы мәселелері бойынша халық пен жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу. Азаматтар мен  ұйымдардың өтініштерін қарау,  консультативтік  жұмыс жүргізу. «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша  жұмыстарды үйлестіру және қадағалау. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандарттары  бойынша жұмыстарды  үйлестіру, регламенттерді  дайындау. Бөлімнің құзырындағы мәселелер бойынша  жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды  іске асыру  туралы  жергілікті жұмыспен қамту органдарының  есеп беруінің уақытылы және дәйекті болуын бақылауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару  немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.